427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 1,5 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды

  • 98
  • UPD: 18:55, 21.05.2021

Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің жартысына жуығы сынақтан өтті.

Олар мектеп қабырғасында 11 жыл бойы алған білімдерін 240 минут ішінде сынап шықты. Негізінен биылғы тестілеу түрлі жаңашылдықтарға толы. Тіпті, талапкерлер білім гранты үшін екінші рет бақ сынап көрулеріне рұқсат бар.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Қазір біз Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының алдында тұрмыз. Бұл шахардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын жалғыз орын. Жалпы өңір бойынша осындай үш нүкте бар. Ол облыс орталығынан бөлек Новоишимка ауылы мен Тайынша қаласында. Биылғы сынақтың ерекшелігі - электрондық форматта өтіп жатқандығында. Шамамен бір сағат бұрын оқушылар ішке кірді. Және эпидемиологиялық жағдайға байланысты олар аз-аздан жіберіледі. Облыста 3409 түлек бар. Олардың 72%-і тест тапсырады. Бүгінгі күнге дейін 1500-ге жуық талапкер бұл сынақтан өтті. Егер қорытындысымен қанағаттанбаса, тағы бір рет бағын сынап көре алады. Сондай-ақ талапкерлер тест тапсыратын орын мен уақыттфы өздері таңдайды.

Дәрмен Әуелбек, талапкер:

- Электронды формат қиын болған жоқ. Себебі сұрақтар өткен жылғыдай болды. Оларды шығаруға барлығымыздың күшіміз жетті. Алған балыма қанағат етемін, бірақ тағы тапсырып көремін. Себебі одан да жоғары балл аламын деп үміттенемін.

Гүлмира Кәрімова, облыстық Білім басқармасының басшысы:

- Оқушыларға барлық мүмкіндік берілді. Өздерінің туған жеріне байланысты, жақын жерді таңдауына болады. Бұған дейін наурыз айында ұлттық біріңғай тестілеуді ақылы түрде. тапсырып көрді.

Биылғы жылдың өзгерісі - егер талапкер сұраққа қиналып, жауап бере алмаса, оны тастап кетіп, келесі тапсырманы орындап, сосын уақыты болған кезде қайтадан келіп алдыңғы тапсырманы орындай алады. Әрине, бұл ҰБТ кезінде олардың психологиялық жағдайларының тұрақты болуына және жақсы балл жинауына мүмкіндіктер береді деп ойлаймыз.

Тестілеу 30 маусымға дейін жалғасады. Әзірге өңірде ең жоғары балл 128 болып тұр. Оны осы Петропавлдағы лицейлердің бірінде оқитын түлек жинады. Дегенмен алдағы уақытта әлі де жақсы нәтиже көрсететін оқушылар болады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы