Өскеменнің оқу орындары «Ашық» қосымшасын енгізіп жатыр

QR-код арқылы өткізу жүйесі қазірдің өзінде техникалық университетте жұмыс істеп тұр. Мұндай жаңашылдықты студенттер де қолдап отыр.

Айтуларынша, өздерін қауіпсіз сезіне алады. Жалпы сәуір айынан бері аймақта 200-ден астам кәсіпкер осы жүйеге қосылды. Алайда 8 нысан жобаны пайдалану барысында заң бұзушылыққа жол берген. Енді олар екі аптадан екі айға дейін жүйеден шеттетілуі мүмкін. Оған қоса жүйені өте аз қолданатындар да бар. Бұл күмән тудыратын жағдай. Енді мұның бәрін жергілікті мониторинг топтары тексереді.

Қайрат Мамырбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- «Ашық» бағдарламасының қатысушылары жіберген қателіктерге келер болсақ, енді біз аптасына бір рет олардан мәлімет алып отырамыз. Мәселен, бір тамақтану орыны апта бойы QR код арқылы 20 адамды қабылдаған болуы мүмкін. Міне бұл күдікті. Себебі 7 күнде 20 адам ғана келу деген мүмкін емес.