427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да түлектер қорытынды аттестацияға дайындалып жатыр

  • 141
  • UPD: 22:49, 21.05.2021
БҚО-да түлектер қорытынды аттестацияға дайындалып жатыр

Батыс Қазақстан облысында түлектер алдағы қорытынды аттестацияға дайындалып жатыр.

Бұл сынақ 28 мамырда басталады. 9-сынып оқушыларының емтихандары 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады.

Айта кету керек, биылғы соңғы қоңырау салтанаты 3 форматта ұйымдастырылады. Біріншісі 9, 11-сыныптарға мектеп аумағындағы ашық алаңда, екіншісі сыныпта, яғни сынып сағаты түрінде, ал үшіншісі онлайн сынып сағаты түрінде өтуі тиіс.

Айгүл Мыңбаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

 - Тестілеуден өтуші тест сынағын тапсырғаннан кейін өзінің орташа балын біле алады және оны жариялау шарт емес. Биыл түлектер үшін екі рет тегін тестілеуден өту мүмкіндігі беріліп отыр. Яғни «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша тапсыратынын білесіздер. Тестілеу сынағы түлектердің қалауына сай 6 мамыр мен 30 маусым аралығында өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы