427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді?

  • 286
  • UPD: 14:50, 22.05.2021
Елорда мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді? astana.gov

25 мамырда елордалық мектептерде дәстүрлі соңғы қоңырау өтеді. Биыл 1-10 сынып оқушылары үшін іс-шара онлайн форматта, ал мектеп бітіруші түлектер үшін білім мекемелерінің аулаларында өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық білім басқармасының хабарлауынша, 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн, яғни сынып сағаты түрінде өтеді.

Ал 11 сынып түлектері үшін іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұсынымдарына сәйкес ашық ауада, мектеп ауласында дәстүрлі форматта өткізіледі. Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады. Мектеп аумағында және ғимаратында қашықтықты қамтамасыз ету үшін белгілер қойылды. Оған түлектердің ата-аналары немесе заңды өкілдері қатыса алады. Ал мектеп оқытушылары құрамынан алты адамнан артық қатысуына тыйым салынады.

Маска режимі және іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы