Жазғы мектептегі қосымша сабақ үшін мұғалімге ақы төленбейді

26 мамырда жазғы мектептер ашылады. Қазір 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі барлық бағдарлама қаралып, әр пәннің қиын тақырыптарына талдау жасалып жатыр. Сол бойынша нұсқаулық мектептерге ұсынылады. Жазғы мектеп ерікті болады.

Оқушының үлгірімін мұғалім емес, ата-анасы бағалап, қажет деп тапса, қосымша оқытуға бере алады. Жазғы сабақтар үшін мұғалімдерге үстеме ақы төленбейді. Бүгін бұл мәселеге қатысты Білім және ғылым министрлігінің комитет төрайымы жауап берді.

Майра Мелдебекова, Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі орта білім беру комитетінің төрайымы:

- Жалпы жаздың үш айына 90 күн келетін болса, соның 56 күнінде ғана мұғалімдер демалады. Бұл бұрыннан бері келе жатқан формат. Қалған күндері педагог мектепте болып, қалыпты жұмыс істейді.