Бүгін 3,5 млн-ға жуық қазақстандық оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады

Оның ішінде мектептерден 150 мыңнан аса түлек түлеп ұшады. 9-сыныпты 270 мыңдай бала бітіреді.

Ал былтыр білім аЙдынына алғаш құлаш ұрған 350 бүлдіршін бүгін бірінші сыныпты тәмамдамақ. Салтанатты шара 9 және 11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі түрде, ал қалған тәлімгерлер үшін онлайн өтеді.