Алматы облысында мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмыс істемейді

Орнына арнайы алаңдар ашылады. Онда Балалар күніне екі- үш сағат қана болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спорттық ойын ойнап, түрлі үйірмелерге қатысады. Ашық алаңдағы демалыс кестесіне санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Облыста 30 шақты жазғы сауықтыру лагері бар. Олардың басым бөлігі – жекеменшік. Он күндік демалыс бағасы 45 мың теңгеден басталып, 150 мың теңге дейін жетеді. Ал мемлекет меншігіндегі нысандарда 25-30 мың теңге аралығында. Жалпы Жетісу жерінде оқушылардың 60 процентін жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. 

Айжан Адамбекова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі кездегі санитарлық жағдайға байланысты мектептерде біз мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыра алмаймыз. Сондықтан мектеп жанында жазғы алаңдар болады. Сонымен қатар 39 қосымша білім беру мекемелері жанында жазғы алаң жұмыс істейді. Ол жерде балалар өздерінің қызығушылығы бойынша үйірмелерге қатысады.