Биыл 10 мың оқу үздігі «Алтын белгі» алудан үмітті

Қазақстанда 3 млн 400 мың оқушы оқу жылын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 150 мыңы мектеп бітіріп жатыр. Солар үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды.

Биыл 10 мың оқу үздігі «Алтын белгі» алудан үмітті. Соңғы қоңырау шарасына тек аттестат алатын яки мектеп бітіретін түлектер ғана қатысты. Әр үйден тек бір ата-анадан ғана келуіне рұқсат берілді. Санитарлық талаптардың сақталуын мамандар қатаң қадағалады. Ара қашықтық сақтады. Мамандар егер елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып, екпе егу қарқыны үдесе, келесі оқу жылы дәстүрлі форматта өтуі мүмкін дейді.