Ә.Бөкейханның қазақ тілін дамытудағы саяси шешімдері зерттеуді қажет етеді

«Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның тілдік ерекшеліктері мен оның қазақ тілін дамытудағы саяси шешімдері толыққанды зерттеуді қажет етеді.

Бұл жайында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен өткен «Әлиханның тілдік тұлғасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда айтылды. Ғалымдар мемлекет қайраткерінің қазақ тілін дамытудағы саяси шешімдері мен оның жеке тұлғасы төңірегінде баяндама жасады. Конференцияны ұйымдастырушылар алдағы уақытта қазақ тілі үшін күрескен Әлиханның тілдік ерекшеліктерін зерттеуді жоспарлап отырғанын айтады.

Анар Фазылжан, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:

- Шығармарларының көбі ол кісінің мынау қайраткерлік кезеңінде орыс тілінде жазылған. Бірақ кейіннен ол «Қазақ» газетіне 300-ден астам мақала жазып, қазақ тілінің қуатын пайдаланып, қазақтың зияткерлік әлеуетін күшейткен. Танымын, білімін кеңейткен. Осы мәселені біз алдағы уақытта жақсылап зерттейміз, мақалалар желісі жарияланады.