427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінің құрылғанына 20 жыл толды

  • 142
  • UPD: 21:20, 27.05.2021

Биыл Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдени университетінің құрылғанына 20 жыл.

Осыған орай білім ордасында «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Египет Араб республикасы уақыфтар министрлігінің, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдері мен шетелдік дінтанушылар қатысты. Конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізіп, университеттің тарихы және алдағы жоспарларымен бөлісті. Басқосуда жаһандық және аймақтық сын-қатерлер, діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудегі діни сауаттылық, қазіргі дінтанулық білім беру мәселелері талқыланды.

Қайрат Құрманбаев, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдени университетінің проректоры:

- Осы күнге дейін екі мыңнан астам түлек Қазақстан қоғамында өз саласында еңбек етіп, ҚМДБ діни бағыты бойынша және мемқызмет саласында, дін істері басқармалары бар, ғылыми орталықтар бар. Осы бағыттар бойынша екі мыңнан астам түлек діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге, діни алауыздықтың алдын алуға өздерінің сүбелі үлестерін қосып келеді.

Хабар 24 телеарнасы