427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Аймағамбетов: Енді балалар қашықтан оқуға шыдамайды

  • 923
  • UPD: 14:07, 28.05.2021

«Мұғалімдер қауымы толық вакцина алмай, жаңа оқу жылында мектептер ашылмайды». Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала жетекшісі екпе салу ерікті шара болғанымен, ұстаздарды жаппай вакциналауға шақырып отыр. Яғни, келесі оқу жылы дәстүрді форматта басталуы мүмкін. Министрдің айтуынша, енді білім жүйесі, оның ішінде балалар қашықтан оқуға шыдамайды. Сондықтан санитарлық талаптарға мойынсұну қажет. Бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы деді Асхат Аймағамбетов. Министрлік тарапынан биылғы түлектерге аттестат тапсыру рәсіміне қатысты да шешім қабылданды. 11 жыл бойы талмай білім алған оқушылардың көптен күткен сәті дәстүрлі форматта, бірақ санитарлық нормаларға сай өтеді. Бұл ретте, құзырлы мекеме соңғы қоңырау салтанатын ұйымдастыру тәжірибесіне сүйенеді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– 25-күні ахуалға қарамастан шешім қабылдап, мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтті. Енді оқуды бітіріп, аттестат алатын рәсімді де осылай өткізуге мүмкіндік болады. Ол үшін санитарлық талаптарды сақтауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы