427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО лагерьлері жалпы орынның 50 процентіне бала қабылдайды

  • 84
  • UPD: 09:46, 01.06.2021

Батыс Қазақстан облысында жазғы лагерьлер жалпы орынның тең жартысына ғана 50 бала қабылдайды. Өйткені аймақта эпидемиологиялық ахуал құбылып тұр. Егер вирус жұқтыру  көрсеткіші төмендесе, лагерлер толық қуатына көшеді. Әзірге балалардың жазғы демалыс орындары санитарлық эпидемиологиялық тексерістен өтіп жатыр. Талапқа сай келетіндері алдағы күндері жұмысын бастайды.

«Атамекен» балалар мен жассөпірімдер туризмі және экология орталығы аймақтағы ең көне тынығу орындарының бірі. Кеңестік кезең тұсында мұнда «Орленок» пионер лагері болған. 220 орынға есептелген орталықта биыл 500-ге жуық бала демалады. Лагерьге жолдама құны 40 мың теңге. Оқу озаттары мен олимпиада жеңімпаздарына 50 процент жеңілдік жасалады.

Айболат Құрымбаев, балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры:

- Оқушылар 5 мезгіл тамақтанады. Сонымен қатар бағдарламамызда демалумен қатар түрлі жарыстар, фестивальдар, байқаулар, сонымен қатар балаларды тау, су турзмі, велотуризмге және туртехникаға үйретеміз деген жоспарымыз бар. Яғни балалар тынығумен қатар белсенді демалыс түрлерін қатар алып жүреді. 

Жалпы аймақта 21 балалардың жазғы демалыс орыны жұмыс істейді. Каникул күндерінде аула клубтарының жұмысы да жандана түспек. Спорт мектептері мен оқушылар сарайы және мектептен тыс орталықтар да ашық болады.

Салтанат Мұратова, қалалық білім бөлімінің бас маманы:

- Күні бүгін санитарлық эпиджағдайға байланысты 200 орындық толымдылықпен орналасқан «Атамекен» лагерінде бірінші кезекте 584 баланы қамту жоспарлануда. Оның ішінде аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар олардың саны 400-ден астам. Және 50 процент жеңілдікпен дарынды оқушылар қамтылады деп күтілуде. 

Қазір лагерь балаларды қабылдауға қызу дайындық үстінде. Пандемия жағдайында демалушылардың санитарлық талаптарды сақтауына баса мән берілмек.

Зоя Бекбаева, балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қызметкері:

- Столда төртеуден отыратын болса, екі екіден отырғызамыз. Арақашықтығы метр-метрден. Сосын комнатта 4-6 бала жататын жерге 4 бала жататынға 2 бала жатады кроватьқа, ал 6 кровать тұратын жерде тек 3 баладан қоямыз.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Өзгерістердің бірі қызметкерлеріміз міндетті түрде ауысым бойынша ешқайда шықпай жұмыс жасауы керек. Медициналық тексерістен өтуі керек. Және де ПЦР сынама алынуы керек. Енді балаларға келсек, медициналық тексерістен міндетті түрде өтуі керек. Жұқпалы аурулардың болмауы, сонымен қатар осы ковид-19 ауру болмауы керек, қарым-қатынаста болмауы керек. Үшіншіден, болымсыз нәтижеммен соңғы 72 сағатта алынуы керек.

Ал жол-патрульдік полицияның атты кавалериялық жасағы тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар балаларды оңалту шараларын бастап кетті. Дәрігер көмегіне зәру балалар бұл жолы атпен серуендеп, денсаулығын шыңдауға мүмкіндік алды. Өздерінің төл мерекесіне орай түрлі сыйлықтарға да ие болды.

Әсел Мырзахметова, волонтер:

- Он балаға арналған ДЦП диагнозымен осындай атпен серуендеу шарасы өтіп жатыр. Бұл негізі осындай диагнозбен балаларға өте пайдалы дейді, сондықтан осындай шараны өткізуге өзімізге мақсат қойдық, балаларға өте қатты ұнап жатыр. Әрі қарай осындай атпен серуендеуді біз жалғастырамыз курс ретінде алуға өтініш білдіріп жатыр. 

Карантиндік шектеулерге байланысты әзірге тынығушылар бетперде тағуға міндетті. Ал санитарлық талаптардың қатаң сақталуы жазғы тынығу орындарына қойылып отырған басты талап. 

Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы