Еліміздегі мектептердің 6% ғана күзет ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді

Елдегі 7 мың 400 мектептің 6 проценті ғана күзет ұйымдарымен жұмыс істейді. Білім ошақтарында олқылық бұл ғана емес.

Ішкі істер министрлігі жүргізген тексеру барысында 3 мың 400-ге жуық мектепте бейнебақылау камерасының талапқа сай орнатылмағаны анықталды. 5000-нан астамында жедел ескерту жабдығы жоқ. 6 мың 800-інде дабыл тетігі қойылмаған.

Мектептердің 90 проценттен астамында турникет, бақылау жүйесі, металл іздеуші жабдықтар болмай шықты.