ҰБТ-2021: елімізде 140 балл жинаған алғашқы түлек анықталды

Павлодарлық түлек Данияр Уәлиев ҰБТ-дан 140 балл алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы «Білім-инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті Нұрбол Төлебаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Данияр Уәлиев – биылғы оқу жылында 140 балл алған тұңғыш түлек. Ол «Білім-инновация» лицейінің оқушысы. Алтын белгіге үміткер, жүзуден Қазақстан чемпионы.

«Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 алды. Әзірге ресми ҰБТ-дан биылдыққа алғашқы 140. Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Уәлиев Данияр Арманұлы Павлодар БИЛ түлегі. Алтын белгіге үміткер. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше дүркін ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur-Sultan open халықаралық жарысының чемпионы», – деп жазды ол.