244 түлек ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Елде мектеп бітірген 224 түлек Ұлттық біріңғай тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кірмек болған. Сондай-ақ тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 563 адам аудиториядан шығарылып, жауап нәтижелері жойылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жариялады. Бүгінге дейін өңірлердегі 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер өз білімін сынады. Оның 98 мыңнан астамы қазақ тілінде 30 мыңдайы орыс тілінде 263 оқушы ағылшын тілінде тапсырды. Тестілеуге кіргізу кезінде тоғыз түлектің дене қызуы жоғары екен анықталды. Олар ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.