БҒМ білім олимпиадаларын тегін өткізеді

Білім және ғылым министрлігі өткізетін олимпиадалар оқушылар үшін тегін болады.

Ведомство басшысының орынбасары Шолпан Каринова осылай деді.

Айтуынша, елде ақылы түрде ұйымдастырылатын пәндік олимпиадалар да болады. Бірақ оған министрліктің еш қатысы жоқ. Сондай-ақ әлгіндей жарыстарды жеңген оқушыларға берілетін дипломдардың еш маңызы болмайды. Сондықтан вице-министр балаларды олимпиадаларға қатыстыратын кезде ата-аналар осы жайтқа мән берсе екен дейді.