425,78 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы академиясы киберполицейлерді даярлайды

  • 91
  • UPD: 16:08, 08.06.2021
Алматы академиясы киберполицейлерді даярлайды

Алматы академиясы онлайн-алаяқтарға қарсы күресетін полицейлер дайындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академия бастығының орынбасары Жанат Ділбарханованың айтуынша, соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтары көбейген. Қылмыс әлемі енді онлайн режимде жұртты алдауға кірісті. Қашықта отырып қарапайым адамдарды сан соқтыратын қылмысқа қарсы күресу үшін академияда мамандар даярлана бастады. Мұндай шешім былтыр қабылданды. Енді полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің күзетшілері ғана емес, бағдарламашы да болады. Оларды түрлі хакерлермен қалай күресуге үйретпек.

«Технология күн сайын өзгеріп жатқан қазіргі заманда киберқылмыспен күресу өте маңызды болып отыр», - дейді Жанат Ділбарханова. Сонымен қатар ол аталған қылмыспен күрес мамандығына тәжірибесі бар кадрлар тартылып отыр. Оларды дайындауға басқа да ұйымдар мен мекемелер атсалысады.

Хабар 24 телеарнасы