426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектер жіті тексеруден өтеді

  • 122
  • UPD: 20:52, 09.06.2021

Кеше Түркістан облысы Темірлан ауылының түлегінің тест нәтижесі жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі наурыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда ол өте жоғары нәтиже көрсеткен. Яғни ол 37 балдан 121 балға дейін көтерілген. Енді Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл алғандар күшейтілген тексеруден өтеді.

Наужан Дидарбекова, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» рмқк директорының орынбасары:

- Бейнежазбада ол тестіленушінің тестке кіріп, Face ID-дан кіріп, қайта шығып бара жатқаны анықталды. Демек, біздің ойымызша бұл жерде бөгде тұлғаның кіруі орын алған. Егер ол бөгде тұлғаның тестілеуге кірген жағдайда ағымдағы жылы тестілеуге кіруге жол берілмейді ережеге сәйкес.

Хабар 24 телеарнасы