14 қазақстандық университет әлемнің үздік оқу орындары қатарында

Әлемнің үздік университеттері рейтингіне 14 қазақстандық ЖОО кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық Quacquarelli Symonds агенттігі бүгін жылдық қорытындысын жариялады. Биылғы рейтингке әлемнің түкпір-түкпірінен 1500 жоғары оқу орны қамтылған. Еліміздің оқу орындары арасында үздік үштікке кірген Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әлемдік көрсеткіште 482-ші орынға көтерілген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 8 саты жоғары. Университет ректоры Дария Қожамжарова: «бұл бүкіл ұжымның талмай еткен еңбегінің нәтижесі», дейді. Жоғары оқу орындары арасында белсенділік пен ғылыми-зерттеу қызметінің сапасы, жұмыс берушілер мен академиялық сарапшылардың пікірі рейтингте ескерілген.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университетінің ректоры:

- Рейтингтің бірнеше позициялары бар. Рейтинг деген сөздің өзі қазіргі таңда бәсекелестіктен туады. Сондықтан да біз өте қуаныштымыз. Біздің ойымызша, бұл біздің университеттің ғалымдардың қала берді ата-аналардың жалпы жұмыс беруші стейхолдерларының бірлескен жеңісі деп есептейміз. Біздің ойымызша, қазіргі таңда әр аймақтағы ЖОО ол өзінің стратегиясын өзгертіп отыр.