Биыл студенттердің стипендиясы өседі

Қыркүйек айынан бастап жоғарғы оқу орын студенттерінің шәкіртақысы өседі. Магистраанттардың степендиясы 15 процентке көтеріледі. Яғни 76 мың теңге болады. 

Докторантура үшін тек соңғы 2 жылда шәкіртақы мөлшері шамамен 82 процентке өскен болатын. Енді 172 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ гранттар саны 5 мың орынға дейін артады, яғни 56 мың орын болады. Ал 2025 жылы 75 мың орын бөлінеді.