423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колледждерге оқуға түсудің жаңа ережелері қабылданды

  • 1181
  • UPD: 14:43, 15.06.2021
Колледждерге оқуға түсудің жаңа ережелері қабылданды elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова колледжге тапсыратын талапкерлерді қабылдаудың жаңа ережелерін таныстырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте 2021-2022 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің кәсіптік-техникалық бағыттағы білім беру ұйымдарына оқуға қабылданудағы өзгерістер, құжаттарды қабылдау мерзімдері айтылды.

«Биылғы жылы түсу емтихандары алынып тасталады. Ал конкурс орташа балл бойынша ақпараттық жүйе арқылы автомтатандырылатын жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық мамандықтар, сондай-ақ арнайы және шығармашылық емтихандарды психометириялық тестілеуде тапсыратын өнер және мәдениет мамандықтары бойынша түсушілерге талаптар өзгеше болады. Жұмысшы біліктіліктері, аспаз, бала күтуші, тігінші, дәнекерлеуші, сантехник және т.б, сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы аясында өтініш беретін талапкерлер конкурстан тыс колледждерге сұхбаттасу арқылы өтеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау 25 маусымнан басталады.

Құжаттар екі жолмен: «Электронды үкімет» веб порталы немесе тікелей колледжге жүгіну арқылы жүзеге асады. Талапкерлер 4 оқу орнына дейін 4 мамандықты таңдау арқылы орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына өтініш бере алады. Бұл талапкерлерге мемлекеттік тапсырыс бойынша орын алуға мүмкіндік береді», – деді Иманғазинова.

Хабар 24 телеарнасы