Ағылшын тілі оқулықтары сын көтермейді

Ел мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтары талапқа сай келмейді. Кейбір кітаптарда қазақ халқының тәрбиесіне келмейтін және шетелдің идеологиясын насихаттайтын суреттер мен мәтіндерді кездестіруге болады. 2-ші сыныпқа арналған оқулыққа пасха мен масленница ұлттық дәстүрлер қатарына енгізілген. Ал Білім және ғылым министрлігі бұл кітаптарға оң сараптама берген. Бұған дейін Президенттің өзі сапасыз оқулық шығарғандарды жауапқа тарту қажеттілігін қадап айтқан. Осы орайда депутаттар аталмыш оқулықтарды қайта тексеріп, қателіктерді жоюды талап етті. Ал сараптамалық комиссия қатарына тек ағылшын тілі мұғалімдерін ғана емес, балалар психологы, суретші, этнограф, қазақ тілі мамандары мен әдебиет пәнінің ұстаздарын енгізген жөн.

Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

– Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Оқушылардың патриоттық сезіміне селкеу түсіретін тұстар менмұндалап тұр. Атап айтқанда, екі-үш мемлекеттің туымен, сол елдерге тән ерекшеліктермен қойылған суреттерде Қазақстан туы үнемі төменгі жағына орналастырылған. Oқулықта өз еліміздің рәміздері неге жоғарыда тұрмайды?