«Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Олар еліміздің дарынды балаларға арналған алдыңғы қатарлы мектептерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы «Елбасы Академиясы» қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозин хабарлады. Мың жеңімпаздың екінші жартысы «Бірге оқу» атты отандық онлайн-мектепте оқи алады. Олимпиаданың бірінші кезеңіне ауыл мектептерінің 5-6 сыныптарынан 96 мың оқушы қатысты. Екінші кезеңге 5000 оқушы өтті. 400 ұпайдың ішінен орташа балл 343-ті құрады.

Әнуар Жанғозин, «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры:

- Бүгінгі таңда өткен жыл жеңімпаздарының 300-ге жуығы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқып жатыр. Мектеп директорларымен үнемі байланысты болып, оқушылардың оқу үлгірімі жоғары екендігіне көзіміз жетіп отыр. Ал Олимпиаданың негізгі 3 ұстанымы бар. Бұл ашықтық, қолжетімділік және инклюзивтілік.