Халықтың сауаттылық деңгейі төмендеп барады – Сенат депутаты

Қазақстан оқу сауаттылығы бойынша әлемде 69-орында. 2015 жылы көрсеткіш сәл жақсырақ еді. Тізімде 53-орында тұрдық.

Мұндай мәліметті бүгін сенатор Нариман Төреғалиев келтірді. Елдің білім беру саласына жыл сайын бюджеттен 865 млрд теңге бөлінсе де сауаттылық деңгейі төмендеп келеді. Оның үстіне соңғы 3 жылда бюджеттен қаралатын қаржы көлемі 3 есе ұлғайды.

«Соған қарамастан білім беру саласы әлем елдері арасында ақсап тұр», - дейді депутат.