Түркістанда тұңғыш рет «Оiqazan» интеллектуалды ойыны өтті

Білімділер сайысына еліміздің бірнеше өңірінен 35 команда қатысты.

Интеллектуалды сайыс Түркістанның тарихы мен мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ой ұтқырлығы мен танымдық сұрақтар бойынша 7 кезеңнен тұрды. Шара қаланың облыс орталығы болуына 3 жыл және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қайта құрылғанына 2 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бірнеше сағатқа созылған білім бәсекесінде Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жеңіс тұғырынан көрінді. Үздік шыққан үш командаға тайқазан үлгісінде кубок пен бағалы сыйлықтар және Түркістанның көрікті жерлерін тамашалауға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Динара Тәжібай, жеңімпаз команданың мүшесі: 

- Біз ойлағаннан да қиын сұрақтар болды. Көбіне біз заң бойынша жұмыс істегеннен соң заңнан келеді десек, басқа да логикалық, тарихтан да біз білмейтін көптеген қиын сұрақтар болды. Бірақ командамыздың бірлігінің арқасында жеңіске жеттік. Қуаныштымыз келер жылы да жалғасын табады деп күтеміз.

Хәкім Кұшқалиев, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы:

- Бүгінгі ойынның девизі білім, бірлік, болашақ! Ынтымаққа шақырамыз. Келешекте осындай құндылықтарды қоғам сақтап жүрсе, имандылық болса, тәрбие болса, жемқорлық сияқты әрекеттер азаяды деген үміттеміз.