424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 14 мектеп оқушы қабылдауды тоқтатты

  • 728
  • UPD: 23:40, 28.06.2021
Шымкентте 14 мектеп оқушы қабылдауды тоқтатты

Шымкентте 14 мектеп 1 сыныпқа оқушы қабылдауды тоқтатты. Білім басқармасы қабылдаған шешім үш ауысымда оқытатын мектеп санын қысқартуға байланысты екен.

Себебі, мұндай мектептерде санитарлық талапты сақтау қиын. Сондықтан ата-ана баласын жақын маңдағы басқа мектепке беруге тиіс. Сәуірдің бірінен бастап, электронды өтінім арқылы 20 мыңнан аса бала оқуға қабылданған. Бұл күткен меженің 95 проценті.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Шымкентте 32 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы биыл пайдалануға беріледі.

Жанат Тәжиева, қалалық Білім басқармасының басшысы:

– Шымкент қаласындағы 14 үш ауысымды мектепке арнаулы шектеулер қойылды. Ол жерде тек қана 2-3 сыныптан асырмай сыныпқа оқушылар қабылдауға рұқсат берілді. Өзінің мөлтек ауданын ғана бірінші кезекке келген мөлтек ауданның оқушыларын ғана қамту туралы тапсырмалар берілді.

Хабар 24 телеарнасы