ҚР БҒМ акциясына қатысатын жоғарғы оқу орындары «Ashyq»-қа енуі мүмкін

Елімізде вакцина салдырған студенттер мен оқытушыларға жеңілдік қарастырылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай акция бастады.

Қазірдің өзінде бірнеше жоғарғы оқу орыны өз шарттарын дайындап отыр. Олар студентке оқу немесе жатақхана ақысына жеңілдік ұсынады. Енді бірі тегін тамақтандыру қызметін көрсетпек. Ал коронавирусқа қарсы екпе салдырған оқытушылар шипажайда арзан бағада ем ала алады. Мұндағы мақсат жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта өткізу. Ал акцияға қатысатын оқу орындары "Ашық" жүйесіне енгізілуі мүмкін.

Бану Нарбекова, ҚР БҒМ Департамент директорының орынбасары: 

- Ашық тізіміне кірген оқу орындары болсын, білім нысандары болсын соның тізімін бекіту керек. Қай жерге Ашық мобильдік қосымшаны қолдайтын болса, ол ЖОО студенттер, әрине екпеден өту керек деген сөз.

Сондай-ақ...