Назарбаев университетіндегі форумға 7 мыңға жуық түлек қатысты

«Түлектер форумы» онлайн түрде өткендіктен, оған Назарбаев Университетін тәмамдаған 7 мыңға жуық түлек қашықтан қатысты.

Осыған дейін оқу ошағының студенттері мен зерттеушілері 100-ден астам жобаны іске қосқан. 25 жобаны университеттің өзі қаржыландырып, 83 жобаны патенттепті.

Шигео Катсу, Назарбаев университетінің президенті:

–Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы әлемдік деңгейдегі университет құру идеясына бастама жасаған болатын. Содан бері біз Елбасымен негізілген ұстанымдардан таймай, жоғары білім берудің заманауи жүйелерін қалыптастырдық. Біз инженерия және цифрлық ғылымдар, тау-кен ісі және геология, медицина бойынша мектеп ашып, басты академиялық салаларды қамтыдық.

Назарбаев университеті әлемнің үздік оқу орындарымен тығыз байланыста. Бүгінге дейін жарияланған 5000 ғылыми жұмыстың үштен бір бөлігі атақты 10 ғылыми журналға шыққан. Мұндағы ғылыми мақалаларға Батыс Еуропа мен Ресейдің жетекші оқу ошағы сілтеме жасайды. Ал түлектер болса, университетте сапа мен академиялық мәдениеттің жоғары деңгейде екенін айтады.

Лаура Қарабасова, Назарбаев университетінің түлегі:

«Эню алюмни» деген ұйым бар. Назарбаев университетін әр жылда бітірген түлектердің жұмысын үйлестіреді. Осы біз өте тығыз қарым-қатынастамыз. Біздің бітіргеннен кейінгі де жетістіктерімізге қызығушылық танытып, бақылап ынталандырып отырады.

Бүгінде Назарбаев Университеті Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның ең үздік оқу ордаларының біріне айналған. Болашақта дүниежүзінің белді 200 үздік университетінің қатарына кіру үшін әлемнің жетекші агенттіктерінің аккредитациясын алуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Арман Ақшабаев