424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асхат Аймайғамбетов Қажахмет Балахметұлын 95 жас мерейтойымен құттықтады

  • 124
  • UPD: 16:07, 06.07.2021
Асхат Аймайғамбетов Қажахмет Балахметұлын 95 жас мерейтойымен құттықтады фото: bilimdinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовті мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Отандық білім беру ісінің корифейі Қажахмет Балахметовті 95 жас мерейтойымен құттықтау үшін, үйіне бардым. Оған отандық білім беру саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірдім.

Қажахмет Балахметұлы 13 жылдан астам білім беру саласын басқарды. Ауылдан шыққан мұғалім Қазақ КСР білім министрі болды.

Қажахмет Балахметұлы әлі күнге дейін білім саласы туралы үлкен құлшыныспен айтып, осы саланы бар жан-тәнімен қолдайды. Ол білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, барлық жаңашылдықтар мен қабылданған шешімдер туралы хабардар болып отырады. Осындай ардақты ағаларымыз аман болсын», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 

Хабар 24 телеарнасы