424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкіметаралық гранттар: 300-ден астам қазақстандық шетелдік ЖОО-ларда тегін оқи алады

  • 173
  • UPD: 12:19, 07.07.2021
Үкіметаралық гранттар: 300-ден астам қазақстандық шетелдік ЖОО-ларда тегін оқи алады

330 қазақстандық шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды. Олар Қазақстан мен басқа елдер арасында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісім шеңберінде тегін оқи алады.

Яғни Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері бар.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға ең көп білім грантын Мажарстан бөліп отыр – 250, Қытай – 47, Польша – 11, Украина – 10, Словакия – 3, Әзірбайжан – 8, Вьетнам – 1. Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінеді.

«Әңгімелесу барысында әрбір үміткерге мамандық таңдауға деген ынтасы мен жігері, теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған мамандығы саласындағы жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін сұрақтар қойылды. Сондай-ақ біз ойлау логикасының деңгейін, сөйлеу сапасын, кез келген жағдайдағы мәселелерді шешу бойынша үміткерлердің жеке қасиеттері мен дағдыларын бағаладық. Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды», – деді ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова.

Үміткерлерді іріктеуді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторларынан құралған тәуелсіз комиссия жүргізді. Тәуелсіз сараптама комиссиясы негізгі және резервтік тізімге шет тілін білу деңгейі, білімі туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесудің орташа бағасының жиынтығы бойынша ең жоғары орташа балл жинаған үміткерлерді енгізді.

Үкіметаралық гранттар операторы – ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы.

ҚР Білім және ғылым министрі мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің қатысуымен өткен Қазақстан – Еуропа форумында тараптар білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылағанын айта кеткен жөн.

Ақпарат көзә: ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы