Жаңа оқу жылында оқушылар толықтай мектепке оралады

Жаңа оқу жылында оқушылар толықтай мектепке оралады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жауаптыларға осындай тапсырма берді.

Бірақ мектеп мұғалімдері түгел вакцина салдыруға міндетті. Содан кейін дәстүрлі форматта білім беру жалғасады. Ал қашықтан оқу оқушының үлгіріміне, түптеп келгенде білім беру жүйесіне кесірін тигізеді. Елде коронавирусқа қатысты жағдай ушығып барады. Жаңа штамдар пайда болып, қауіпті кесел жұқтырғандар саны өсті. Елордада қосымша карантиндік шектеулер енгізілді. Тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарып, қоғамдық көлік әлі де болса демалыс күні жүрмейтін талап бар. Ауруханада төсек орындары көбейтіліп жатыр.