Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қашан қабылданады

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 16 шілде күні басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады.

Жоғары оқу орындарында орналастырылған гранттар туралы ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында жарияланды.

Сондай-ақ назарларыңызға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындарының шекті балдары туралы ақпаратты ұсынамыз.

Қосымша ақпаратты 87172-69-50-69 телефоны бойынша Ұлттық тестілеу орталығының Сall-орталығы және жоғары оқу орындарының телефондары арқылы алуға болады.