Қызылордада вакцина салғызған студенттер елордаға саяхаттай алады

Вакцина салдырған сырбойылық студенттер тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордаға саяхаттай алады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті екпе алған білім алушылар арасында 30 жолдама ойнатпақ. Сонымен қатар спорттық-сауықтыру кешеніне тегін баратын 30 абонемент және жазғы тынығу лагеріне тағы 30 жолдама ұтыс тігіліп отыр. Сондай-ақ вакциналау науқанының алғашқы легіне үлгірген 30 студент үшін жатақханада тұруға 50 проценттік жеңілдік жасалады. Ұтысқа қатысушылар екпе алған құжатын университеттің электронды почтасына жолдауы қажет. Жеңімпаздар шілденің аяғында жоғарғы оқу орнының әлеуметтік парақшасында тікелей эфирде анықталады. Жалпы аймақтағы білім ошақтары жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауды жоспарлап отыр.

Аружан Сәруәрбек, университет студенті:

- Біз оқуға келгеннен бастап онлайн форматта оқып келеміз. Алдағы оқу жылында офлайн форматқа көшсек деген үмітіміз бар. Ауылдардан келетін студенттерге бұл жеңілдіктер көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Сол себепті өзімнің замандас, құрдастарымды вакцина салдырып, ұтысқа қатысуға шақырамын. 

Жандос Базартай, университет проректоры:

- Қазіргі таңда университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің 80%-і вакциналаудан өтті. Білім алушылардың 50%-і вакцина қабылдады.

Сондай-ақ...