425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда оқу жылы қашықтан басталады – фейк

  • 517
  • UPD: 14:31, 23.07.2021
Қазақстанда оқу жылы қашықтан басталады – фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан басталатыны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды «Хабар 24» stopfake.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеген екен. Бұл жалған. Жаңа оқу жылының қашықтан басталатыны туралы қауесетті ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және өңірлердің бас санитариялық дәрігерлері қабылдайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Демек, бүгінгі күні мұндай шешімдер қабылданған жоқ. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Хабар 24 телеарнасы