Найзағай, өрт қаупі, бұршақ: елімізде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

28 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 28 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі.

28 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 28 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

28-29 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 29 шілдеде кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз 28 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қ.: күндіз 28 шілдеде найзағай күтіледі.

Күндіз 28 шілдеде Алматы облысында 35 градус ыстық сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: күндіз 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 28 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.