Бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтініштер 1 тамызға дейін қабылданады

Биыл елде 380 мыңнан аса оқушы бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуірден бері оқуға 310 мың өтініш келіп түскен. Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Ал 10 тамыздан кейін дайындық топтары жұмысын бастайды. Оған мектепке дейінгі мекемелерге бармаған не мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.

Еске салайық, өтініштерді қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асады. Құжат 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Ал «қызыл аймаққа» енген өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтаманы оқу жылының басталуына дейін ала алады.