Мектептерде Ashyq жүйесі енгізіле ме?

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектеп пен балабақшаға Ashyq жүйесін енгізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Хабар 24.

«Қазір балалардың қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқуы талқыланып жатыр. Мектепте оқитын оқушылардың саны өте көп: 3 млн-нан астам оқушы бар. Олар вирусты мектепте жұқтыруы да немесе мектепке алып келуі де мүмкін. Сондықтан университет пен мектептерде Ashyq жүйесін енгізу талқыланып жатыр.

Мұғалімдер дәстүрлі форматта оқуы үшін міндетті түрде вакцина алуы керек. Бұл – балалардың қауіпсіздігі.

Мектептер мен балабақшаларға Ashyq жүйесін енгізуге келетін болсақ, телефон ұстауға болмайтын мектептерде кіреберістегі күзетшіге ЖСН айту арқылы кіруге болады. Бұл бас санитардың қаулысында да айтылған», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.