425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі жарияланды

  • 410
  • UPD: 17:05, 05.08.2021
Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі жарияланды kazaknews.kz

ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді.

2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек.

Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында);

қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында);

көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында).

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Ақпарат көзі: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы