Алғашқы қоңырауға бірінші сынып оқушылары ғана қатыса алады

Алғашқы қоңырауға бірінші сынып оқушылары ғана қатыса алады
Tengrinews.kz

1 қыркүйекте алғашқы қоңырау тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға «Әліппе» және «Букварь» сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады», -  деді БҒМ басшысы.