ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет

Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.

Ол үшін е.Gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдану үшін ЖОО-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

2021 жылғы білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды.