423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңартылған «Әліппенің» әр бетінде QR-код бар

  • 538
Жаңартылған «Әліппенің» әр бетінде QR-код бар

Биыл 1 сыныпқа баратын оқушылар сауатын «Әліппемен» ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының айтуы бойынша, апробация кезінде оқулықтың бес нұсқасы сынақтан өткізіліп, ең ұтымды дегені таңдалды. Жаңартылған «Әліппе» заман талабына сай жасалған. Кітаптың әр бетінде QR-код бар. Оны сканерлеп, мәтінді аудио арқылы тыңдап шығуға болады.

Елдос Нұрланов, ҚР БҒМ Білім мазмұнын сараптау орталығының директоры:

– Код – ол қосымша мүмкіндік. Яғни егер сіз QR-кодты пайдаланбасаңыз, сол жердегі материалды иегере алмайсыз деген сөз емес. Қосымша мүмкіндік. Егер оны мұғалім сабақ үстінде қажет деп тапса, пайдалануына болады. Бала өздігінен дайындалып жатқанда да ата-анасымен пайдалануына болады. Бірақ ол міндет емес.

Хабар 24 телеарнасы