425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейтіледі

  • 214
  • UPD: 15:38, 19.08.2021
Қазақстанда «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейтіледі

«Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейтіледі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Министрдің айтуынша, түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады. Бұл талап кезең-кезеңмен өзгертіліп отыр. Өткен жылдан бері де бірқатар өзгерістер енгізілген. Бас ұстаз бұл реформа оң нәжесін береді деген сенімде.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Биыл енді екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, жылдық «бес» бағасымен қатар үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі. Оны өте маңызды қағида деп санаймын. Сондықтан осы шешімді де қабылдап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы