Қазақстанда оқитын ауған студенттері енді елге қашан кіре алады?

Осыған дейін Қазақстанда білім алып келген ауған студенттері елге енді жағдай толық тұрақтаған кезде ғана кіре алады.

Мұны Сыртқы істер министрілігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты. Қазақстанда оқыған біраз студент жазғы демалыста елдеріне кеткен екен. Солар Қазақстанға қайтып келіп, оқуларын жалғастырғысы келетінін айтыпты. Бірақ біздікілер мәселе реттелмейінше оларды елге кіргізбейміз деп кесіп айтқан. Екі арада әуе немесе көлік қатынасы қайта жанданған кезде сондағы елшілік ауған студенттеріне виза беру мәселесін қарастырмақ.