Қорғаныс министрлігі әскери орта оқу орнын ашты

Мұнда 400-ге жуық азамат білім алуға ниет білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери оқу орнында қару-жарақты жөндеуді үйрететін және жалпы осы салаға қатысты мамандықтар оқытылады. Саперлық курс та бар. Әскери орта білім алғысы келетін талапкерлер физикалық сынақтан өткен.

Тілеухан Басқожаев, С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің бастығы:

- Бұл мамандықтар қазіргі заман талабына сай, сұранысы мол мамандықтар болып табылады.  Біріншісі ­ – автоматтандыру және ақпараттық коммуникациялық технологиялар, екіншісі – әскери қару-жарақ және әскери техника жөндеу, үшіншісі – инженер-саперлер дайындау.