425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-дағы Жаңақала ауданында үш білім беру мекемесі жабылып қалды

  • 173
  • UPD: 09:45, 22.08.2021
БҚО-дағы Жаңақала ауданында үш білім беру мекемесі жабылып қалды

Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданында биыл үш білім беру мекемесі жабылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Пятимар ауылдық округіндегі Плантация бастауыш мектебі жұмысын тоқтатты. Бұған себеп – балалар санының күрт азаюы. Елді мекенде небәрі екі оқушы қалған. Енді олар округ орталығындағы мектепте оқып, жатақханада тұрады. Ал Айдархан мен Жаңақазан ауылдары интернатсыз қалды. Қос ғимаратта бұрын 30-40 бала жатса, қазір олардың саны онға да жетпейді. Нысандар бастауыш мектептердің иелігіне берілген.

Руслан Ғұмар, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің басшысы:

- 12 баладан кем болмауы керек бала саны. 7, 8, 9 бала болды. Сосын Үкіметтің қаулысына сәйкес келмегендіктен жабуға тура келді. Қалғандары жұмысын жасап жатыр. Енді қазір аудан бойынша тек 4 жерде ғана жатақханасы бар мектептер қалды. Плантация бастауыш мектебі жабылады. Енді сол 20 мектеппен оқу жылын бастағалы отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы