Е.Тоғжанов жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты тапсырмалар берді

ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы жылғы тамыз айының соңына дейін орындау үшін бірқатар тапсырма берді:

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау;

 - санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету; педагогтар, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

Елімізде карантин талаптары жеңілдетіледі