425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Енді мектеп директоры 5 жылға тағайындалады

  • 839
  • UPD: 17:01, 25.08.2021
Енді мектеп директоры 5 жылға тағайындалады

Бұл туралы Білім және ғылыми министрі жариялады.

Енді бұл мәселемен аудандық ведомстволар емес, облыстық білім беру басқармалары айналысады. Мектеп директорына қойылатын талаптарға тоқталсақ, үміткердің мұғалім ретіндегі еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл, меңгеруші ретіндегі жұмыс тәжірибесі болуға тиіс. Сонымен бірнеше кандидат соңғы екі жылда білім беру саласында еңбек еткені ләзім. Оған қоса, кәсіби біліктігін жоғарылату курсынан өтіп, менеджмент саласын меңгергенін дәлелдейтін сертификат ұсынуы қажет. Бүгінде елімізде 700-ден астам мектеп директорының орны бос. Олардың орнына мекемені уақытша міндетін атқарушылар басқарып отыр. Жаңа ережеге сәйкес, директордың міндетін атқарушы бұл лауазымда үш айдан артық қызмет ете алмайды. Сондай-ақ директордың міндетін уақытша атқаруға тек бір рет мүмкіндік беріледі. Осы аралықта байқау өткізіліп, жаңа директор тағайындалуға тиіс. Мектеп директорының орны босай салысымен, бұл қызметке байқау жарияланғаны туралы ақпар ресми сайтта және білім басқармасының аккаунтында жеті күнге қойылады. 

Хабар 24 телеарнасы