425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа оқу жылына қатысты қаулысы шықты

  • 689
  • UPD: 00:01, 26.08.2021
ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа оқу жылына қатысты қаулысы шықты

ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», - деп жазылған қаулыда. Сондай-ақ облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген:

- педагогтар мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

- ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

- маска режимін сақтау;

- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

- педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы