Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 26 жүлде еншіледі

Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадасында 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль еншіледі.

Білім бәйгесі онлайн форматта ұйымдастырылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден өрен бақ сынасты. Нәтижесінде 26 отандасымыз биология, информатика, география, физика-математика сындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Жүлдегерлер мен мұғалімдерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Еске салайық, өткен жылы осы жарыста 16 оқушымыз жүлделі орындардан көрінген еді.

Дархан Өте, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті:

– Әлемнің ең мықты университетіне жолдама алды. Олар академиялық жетістіктеріне мән береді. Орын алған балаларды кеше ғана министр Асхат Аймағамбетов марапаттады, облыс әкімдері де марапаттап жатыр. Мұғалімдерімізге, оқушыларымызға Дубайда 5* қонақ үйге жолдама беріп жатырмыз.