423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлда жаңа мектеп ашылды

  • 167
  • UPD: 15:53, 01.09.2021
Петропавлда жаңа мектеп ашылды

Петропавлда білім күнінде жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Нысан енді бой көтеріп келе жатқан «Орталық» ықшам ауданында салынды. Онда 900 бала оқиды деп жоспарланған. Заман талабына сай салынған ғимаратта балалар IT бағытта білім алады. Сондықтан оқу кабинеттері қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Айта кетейік, мектеп-лицейге ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді. Жалпы 1 қыркүйекте облыста 75 мың бала мектепке барды. Оның 8 мыңнан астамы бірінші сынып оқушылары. Өңірді кешенді дамыту жоспары аясында алдағы бес жылда аймақта тағы 16 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Динара Рақышева, қалалық білім бөлімінің жетекшісі:

– Қалада 37 мектеп бар. Олар жаңа оқу жылына  дайын. Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Балалар сабақта маска киіп отырады. Бір кабинетте оқиды. Қауіпсіздікке де баса назар аударып отырмыз. Барлық мектептерде бейнебақылау камераларымен  дабылды батырма орнатылған. Ал 14 білім ошағында турникеттер орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы